«Дінаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын» жыр мүшәйрасы

Қарашаның 16 күні Шəкəрім мемлекеттік университетінде ШҚО Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дінаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын» жыр мүшəйрасы болып өтті. Аталмыш шараға «Құрылыс колледжінің» намысын жырына тиек етіп барған Серік Ғасыр (жетекшісі: Қалиасқарова Ж.М.) өз шығармашылығы арқылы қазылардың көңілінен шығып алғыс хатпен марапатталды. Кеңесбаев Шыңғыс пен Серік Ғасыр сияқты ізденімпаз, талапты шəкірттеріміз көп болсын.