ШҚО құрамасының зор мақтанышы «WorldSkills Kazakhstan – 2021» VI Республикалық чемпионаты

«WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионаты 1 қарашада басталды және еліміздің 11 өңірінде 38 жарыс алаңында өтті. Республикалық кезеңге еліміздің барлық өңірінен 22 жасқа дейінгі 600-ден астам жас маман қатысты. Олар 46 ресми және 10 демонстрациялық WorldSkills мамандықтары бойынша жарысты, сонымен қатар 15 презентациялық құзыреттіліктер бойынша өз дағдыларын көрсетті. Семей қаласындағы «Құрылыс колледжі» КМҚК студентері…