Кәсіптік бағдар беру жұмысы

«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы С. Баймункин сәуір айының 4-7 аралығында Аягөз қаласына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектептерге барып 9-11 сынып оқушыларына қазіргі заман нарығына сай мамандықтар туралы түсіндіріп, тегін оқып, білім алуға шақырды.

Республикалық конференция қатысушыларының сертификаттары

ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Құрылыс колледжі» КМҚК инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен бірлесіп өткізген «Заманауи құрылыс және экономика» республикалық конференциясы қатысушыларының сертификаттары.