Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Құрылысшы біздің қоғамның ең қажетті және маңызды мамандықтың бірі болып есептеледі. Колледж оқытушылары Т. Абылкасимова және Д. Мубаракова сәуір айының 22 күні Бесқарағай ауданына қарасты Жыланды, Канонерка, Қарамырза және Малая Владимировка мектептеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. «Құрылыс колледжі» КМҚК-да тегін техникалық және кәсіптік білім берілуі және барлық мамандықтарға арналған шеберханаларда озық заманауи технологиямен жабдықталған…

Жобаға қатысу

«Құрылыс колледжі» КМҚК-ның 4-курс, 41 ПО-тобы студенті Қайыпханов А., «ШҚО ішікі саясат басқармасы» ММ қолдауымен өткен «NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру шараларының кешенін іске асыру» жобасы аясында азаматтық белсенділікті дамыту, команда құру және әлеуметтік жобаларды құру бойынша мектепке қатысып сертификат иеленді.

Облыстық семинар

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша психологтардың жұмысы» тақырыбында өткен облыстық семинарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен колледж психологы қатысып тәжірибе алмасты.

Біліктілікті көтеру курстары

«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында өтіп жатқан курсқа қатысуда.