Семей қалалық орталық кітапханасына саяхат

7 қыркүйек колледж оқытушылары Д. Болатқызы, А.Е. Серикказинаның жетекшілігімен С-22, М-21 оқу тобының білім алушылары қалалық орталық кітапханаға саяхат жасап, ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері ұйымдастырған «Жаңа кітаптар шеруі» атты Ақпарат күніне қатысып қайтты. Білім алушылар әдеби кітаптардың жаңа легімен танысып, ұйымдастырылған кітап көрмесіне куә болды.

Профилактикалық әңгіме

08.09.2023 ж. Ауэзов ПБ ЖПКБ полиция лейтенанты Д. Сулейменова «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттер арасында «Назар аударыңыз, балалар!», «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар» қауіпсіздікті сақтау мақсатында профилактикалық әңгіме жұмыстарын жүргізді.

Біздің колледж студенті дипломмен марапатталды

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл – тұтастық туы» атты фестивальге белсенді қатысқаны үшін Құрылыс колледжінің студенті Шамберген Амангелді дипломмен марапатталды.