Профилактикалық әңгімелесулер

07.10.2024 жылы «Геодезия картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Ж.Т. Макулжанова мен Г.Ж. Жумаханова жатақхана студенттерімен «Нашақорлық пен темекіге жол жоқ!»  және «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында профилактикалық әңгімелесулер жүргізді. Әңгімелесу барысында студенттерге құқықбұзушылықтың түрлері мен жазалары туралы, нашақорлықтың алдын алу, темекі шегудің зияны тақырыптарында арнайы видеороликтер көрсетіліп, түрлі сұрақтар қойылды.