«Құқықбұзушылық және тәртіп» тәрбие сағаты

«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК тәрбиешілері Н.С. Мейримова мен А.С. Шыныбаева жатақхана студенттерімен «Құқықбұзушылық және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, жасөспірімдердің құқықтары және міндеттерімен таныстырды. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеп, тәртіп сақтауға шақырды.