Камералдық есептеу практикасы

Техник-геодезист біліктілігі бойынша 302-307 ТГ тобының студенттері 30.12.2024 жылдан бастап инженерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша камералдық есептеу практикасынан өтіп жатыр. Камералдық есептеу практикасы-бұл инженерлік-геодезиялық жұмыстарды дайындаудағы маңызды кезең. Бұл жобаланған нысандардың жоғары дәлдігі мен сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар құрылыс жобалары мен басқа да инженерлік шешімдерді сәтті жүзеге асыру үшін өте маңызды болып табылады.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығына экскурсия

2025 жылы қаңтар айының 30-ы күні «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК 103 ТГ топ студенттері топ жетекшісі Ж.Ж. Тұрғазымен бірге Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына барды. Экскурсияның мақсаты студенттерді Абай мұрасымен, ақынның өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстыру болды.