2024 жылғы 6 қарашада «Жас педагогтар мектебі» апталығының аясында білім беру саласындағы инновациялық стратегияларды, педагогикалық технологияларды және заманауи оқыту әдістерін енгізу арқылы кәсіби модульдерді тиімді меңгеруге бағытталған семинар өткізілді.
Семинар аясында колледждің арнайы пәндер оқытушылары И.Т. Төлеубек, М.Б. Зейтенгазинова педагогикалық технологиялардың анықтамасы, олардың мәні мен маңызы, қазіргі білім беру жүйесінде қолдану процесі туралы педагогикалық технологиялар әлеміне гайд жүргізсе, Н.Д. Тулесова мен Н.С. Ибраимова заманауи технологиялардың оқу процесіне ықпалы, білім алушылардың білім деңгейін арттырудағы рөлі туралы айтып, оқыту барысындағы жаңа тәсілдер мен әдістер, оларды тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын көрсетті. Ал Ж.Ж. Тұрғазы мен А.Т. Омарбаева студенттердің білімін бағалаудың тиімді құралдары мен тәсілдері, оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың нәтижесінде қатысушылар оқытудың жаңа технологиялары мен стратегияларын игеріп, өз білімдерін практикада тиімді қолдана алу үшін қажетті дағдыларды меңгереді. Ерекше атап өтетін жайт, семинар барысында алынған теориялық білімдерді тәжірибеде іске асыру мүмкіндігі қарастырылатын болады.