2024 жылғы 7 қарашада жас педагогтарға электрондық оқу материалдарын тиімді ұйымдастыру мен рәсімдеу стандарттары жайлы толық ақпарат беру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Информатика пәнінің оқытушысы А.Ғ. Кабылғазин семинар барысында электрондық ОӘК құрылымы, оның негізгі компоненттері туралы толық сапалы ақпарат берді. Электрондық оқу материалдарының әдістемелік дизайны мен заманауи педагогикалық технологиялармен интеграциясына тоқталды. Жас оқытушылар мектебінің жетекшілері А.О. Садвакасова мен А.М. Адильханова әдістемелік құжаттаманы әзірлеудің негіздерін түсіндіріп, оның құрылымы, мазмұны және ресімдеу талаптарымен таныстырды. Семинарға қатысушы жас педагогтар әдістемелік құжаттаманың түрлері мен құрылымы, құжаттардың мазмұнын дұрыс қалыптастыру, ресімдеу стандарттарына сәйкестіктін қамтамасыз ету туралы құнды ақпараттар алды. Бұл семинар білім беру саласындағы инновацияларды енгізуге, электрондық оқу материалдарының сапасын арттыруға және педагогикалық тәжірибе мен ақпарат алмасуға ықпал ететіні сөзсіз.