2025 жылы сәуір айының 28-і күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде «Нашақорлық – қорқынышты ауру» тақырыбында қоғамдық жиналыс өтті.
Іс-шараға «СОЦKZ» қоғамдық қорының төрағасы Кадыргалиев Адел Кадыргалиевич, облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері – Лебедева Ольга Николаевна, Абай облысының ІІБ ЭРД жедел уәкілі, ЭТҚ капитаны – Токенов Ернур Серикжанович, Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты – Серікболсынов Равиль Дастамович қатысты.
Жиналыстың мақсаты – есірткіге қарсы күресті күшейту, жасөспірімдер мен жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың зияны туралы кеңінен ақпарат тарату болды.
Іс-шара соңында қатысушылар бірлесіп, нашақорлықпен күресте тек күш біріктіріп қана нәтиже болатынын атап өтті. «Нашақорлыққа жол жоқ!» деген үндеумен жиналыс қорытындыланды.