Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Абай облысы Білім басқармасының кеңейтілген алқа жұмысы аясында тәжірибелік бөлімде «Құрылыс колледжі» КМҚК базасында құрылыс профилі бойынша құзіреттілік орталығының ұйымдастыру жұмысы көрсетілді. Құзіреттілік орталығы – оқу үдерісінің материалдық-техникалық және әдістемелік алаңы болып табылады. Алқа қатысушылары мен қонақтарына «Сылақшы» біліктілігіне арналған демонстрациялық емтихан элементтері, «Кірпіш қалау» біліктілігінің конкурстық модулін әзірлеу және енгізу тағы басқа жұмыстары көрсетілді. Өндірістік оқыту шеберлері мен колледж студенттері өз біліктіліктері бойынша жоғары шеберлік көрсетті. Директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Нургожанова Арай Серыкжановна заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғыларды жан-жақты түсіндіріп, көрсетті.