2025 жылдың 11 наурызында, колледжімізде «Аэрофотогеодезия» пәндік-циклдік комиссиясының апталығы басталғанын хабарлаймыз!
Бұл апталық барысында студенттер мен оқытушыларға аэрофотогеодезия саласындағы соңғы жетістіктер мен ғылыми зерттеулер таныстырылады.
Алдағы бірнеше күнде сіздерді шеберлік сабақтары, ашық оқу сабақтары, байқаулар және Қазақстан Республикасының құрметті геодезистімен кездесу күтіп тұр! Бізбен бірге болыңыздар және аэрофототүсірілім әлеміне саяхатымызға қосылыңыздар!