2021 ж. 8 қыркүйегінде «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттерімен Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері арасында кездесу өтті. Дәрісті учаскелік инспектор  Мандиев Жанарбек Манарбекович, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі аға инспектор Кабдуллина Гульзана Касымжановна, жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Сыдык Шынгыс, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы Туспекова Индира Александровна оқыды. Студенттермен «Әкімшілік-қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында алдын алу әңгімесі өткізілді.

Кездесу барысында инспекторлар студенттерге келесі қылмыс түрлерін жасамау туралы түсіндіріп өтті. Олар: ұрлық, күшпен тартып алушылық, бұзықтық, қоғамдық орындарда құқық бұзушылық. Сондай-ақ, студенттерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке қай жастан бастап тартылатыны және қандай жазалау түрлері қолданылатыны туралы айтылды. Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарына жауаптарын алды.