12.12.22 ж. – 23.12.22 ж. аралығында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің 16-желтоқсан «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты пән онкүндігі өтті. Онкүндік аясында шет тілі пәнінен республикалық деңгейде облыстық 2 ашық сабақ, қазақ әдебиеті пәнінен колледжішілік 1 ашық сабақ, 3 сыныптан тыс іс-шара, кітап көрмесі, сергіту сәті, желтоқсан қатысушысымен дөңгелек үстел өткізілді. Онкүндік қорытындысы ретінде бірлестік оқытушылары мен студенттер «Абай» тарихи-мемориалдық мұражайына саяхат жасады.