«Kelun-Kazpharm» ЖШС өкілдерімен кездесу
8 маусымда «Құрылыс колледжі» КМҚК базасында «Kelun-Kazpharm» ЖШС-мен өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесудің мақсаты колледж түлектерін жұмысқа орналастыру болып табылады.
8 маусымда «Құрылыс колледжі» КМҚК базасында «Kelun-Kazpharm» ЖШС-мен өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесудің мақсаты колледж түлектерін жұмысқа орналастыру болып табылады.
8 маусым күні Абай облыстық мәслихатының депутаты, «Көлік колледж» КМҚК директоры А.С. Нұғымаровпен бірге, Абай облыстық мәслихатының депутаты, Бесқарағай аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры А.А. Әлібековамен «Құрылыс колледжі» КМҚК-ның Құзыреттілік орталығында «Жас маман» жобасын іске асыру бойынша сатып алынған жабдықтармен танысу мақсатында кездесу өтті, сондай ақ «WorldSkills Shygys – 2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты байқауының…
Бүгін, ағымдағы жылдың 8 маусымында «WorldSkills Shygys – 2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты байқауының қорытындысы бойынша «Крафт» ЖШС директоры А.М. Карпенко байқау жүлдегерлерін құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуі.
6 маусым күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «WorldSkills Shygys – 2022» аймақтық чемпионатының ашылу салтанатты өтті. Чемпионатқа келесі құзыреттіліктер бойынша 17 команда қатысуда: – «Кірпіш қалау» – «Сырлау және сәндік жұмыстар» – «Слесарлық іс» – «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» – «Сантехника және жылыту» – «Ағаш ұстасы» Чемпионатқа қатысушыларға жемісті еңбек, кәсіби құзыреттіліктерін табысты көрсетуді тілейміз!
«Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушылары «Talap» КеАҚ ұйымдастыруымен өткен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» біліктілік арттыру курстарында алған білімдерімен жас оқытушылармен бөлісті.
1 маусым күні Семей қаласының Невзоровтар атындағы бейнелеу мұражайында республикалық деңгейде зағип жандарға арналған «Әлемді ашамыз» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Ұйымдастырылған шараға «Құрылыс колледжі» КМҚК сәулет өнері пәнінің ұстазы Оразғалиев А.Д. дайындаған барельеф суреттерін ұсынып, жобаның жеңімпазы атанды.
ШҚО ТжКБ оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен топ жетекшілері арасындағы облыстық педагогикалық идеялар фестивалінде Айсауле Хуанарқызы 1 орынға иеленді. Әріптестердің атынан алғысымызды білдіреміз. Сізге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Колледж строительства (@semey_kurylys_collegi)
Құрметті жас талапкерлер! Сапалы білім алып, білікті маман иесі болғыңыз келсе, 100 жылдық тарихы бар «Құрылыс колледжі» КМҚК сіздерді кәсіптік және техникалық мамандықтар бойынша оқуға шақырады. Болашағыңыз жарқын болсын десеңіз «Құрылыс колледжін» таңдаңыз!