Құрылыс-жол

«Құрылыс-жол» пәндер бірлестігі апталығы

2019 жылғы қараша айының 25 – 29 аралығында «Құрылыс-жол» пәндер бірлестігі апталығы өтуде. «Құрылыс-жол» пәндер бірлестігі оқытушылары 25 және 28 қарашасы аралығында  студенттердің өздік жұмыстары мен курстық жоба көрмесін ұйымдастырды. Ашық сабақтар, тәрбие сағаттар, сыныптан тыс сағаттарын өткізіп білім алмасып біліктіліктерін көрсетуде. Жекелей тоқталатын болсақ: 25 қараша күні студенттердің өздік жұмыстары мен курстық жоба көрмесін…

Жалпы

Жалпы колледжішілік жиналыс

2019 жылдың 22 қарашасы күні «Құрылыс колледжі» КМҚК әкімшілігі жалпы колледжішілік жиналыс өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Өрт қауіпсіздігін сақтау туралы; Террорлық іс-қимыл болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі туралы нұсқау және тағы басқа сұрақтар  қаралды.

Байсеиітов

Студенттердің Байсеиітов ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатыстуы

2019 жылдың 22 қарашасында «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері «Рухани жаңғыру» Жастар жылы және 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсанында «Қазақстан инновациялық дамуына қазіргі жастардың үлесі» тақырыбында өткізілген Облыстық студенттік Байсеиітов ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2019 жылы қарашаның 22-ші жұлдызында «Құрылыс колледжі» КМҚК  кәсіптік бағдар беру комиссиясының өкілдері Бесқарағай ауданы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Колледж бойынша 2020-2021 оқу жылына талапкерлерді қабылдаудың бағдарламасы мен мамандықтары таныстырылды.

JASTAR

«JASTAR JALYNY 2019» студенттік жастар форумы

«Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында Қазақстан студенттері Альянсының ұйымдастыруымен өткен «JASTAR JALYNY 2019» студенттік жастар форумына Шығыс Қазақстан облыстық жастар ісі жөніндегі комитет басшылары, колледж атынан директордың ТІЖ орынбасары Хуанар А., ЖІК жетекшісі Мұратбекова А.Е.  мен студенттер қатысты.

WorldSkills

«WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық чемпионатындағы ШҚО құрамасының зор мақтанышы

2019 жылдың 11 мен 15 қараша аралығында еліміздін Астанасында «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа түсті. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалады.  «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына ШҚО Семей қаласындағы  «Құрылыс…

Алаштың

«Алаштың Абайы – адамзат дана ойы» атты облыстық конференция

2019 жылғы 14 қараша күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған «Алаштың Абайы – адамзат дана ойы» атты облыстық конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Ж.М. Қалиасқарованың жетекшілігімен С-11 тобының студенті Жунусбеков Дінмұхамед қатысып, «Зерттеудің өзектілігі үшін» номинациясымен марапатталды.

WorldSkills

«WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты

2019 жылдың 11 мен 15 қараша аралығында еліміздін астанасында «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілуде. «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына Семей қаласындағы «Құрылыс колледжі» КМҚК студентері WorldSkills-тің 5  құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа қатысып бақ сынасуда, атап айтатын болсақ: «Кірпіш қалау» құзыреттілігі – Қашқалдақ Е.; «Сырлау және сәндік…

WorldSkills

«WorldSkills Kazakhstan 2019» қатысушыларын шығарып салу

11 – 15 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan 2019» ұлттық чемпионатына қатысатын «Құрылыс колледжі» КМҚК құрама командасы аттанды. Чемпионаттың барлық қатысушыларына жеңіске ұмтылыс, ұшқыр ой және сәттілік тілейміз!

Біліктілікті

Біліктілікті арттыру курстарында

Біліктілікті арттыру – бұл қызметкерлерді кәсіби оқыту түрлерінің бірі. Тек жас мамандарға ғана емес, сондай-ақ үлкен жұмыс өтілі бар білім беру қызметкерлеріне де біліктілікті арттыру курстарына бару пайдалы және қажет. 2019 жылдың 28 қазаны мен 8 қарашасы аралығында «Құрылыс колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылары Семей қаласында «Кәсіпқор Холдингі» КЕАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан…