«Қысқы спорт түрлері және оның денсаулыққа пайдасы» атты ашық тәрбие сағаты

2019 жылғы 14 ақпан күні СТ-11 тобының жетекшісі  А.Ғ. Қабылғазиннің ұйымдастыруымен «Қысқы спорт түрлері және оның денсаулыққа пайдасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өтті. Топ жетекшісі қысқы спорттық ойын түрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың ойын еркін жеткізуге, ой өрісін, тілін дамыта отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға септігін тигізген танымдық тәрбие сағаты болды.

«Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы» тақырыбында ашық сабақ

2019 жылғы 14 ақпан күні физика пәнінің оқытушысы Д.Е. Әубәкірованың «Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы» тақырыбындағы С-11 тобында ашық сабағы өтті. Cабақ барысында оқытушы жаңартылған оқу бағдарламасына сай түрлі әдіс-тәсілдерді және оқыту технологияларын тиімді қолдану арқылы сабақты жоғары деңгейде өткізді.

«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» спорттық-танымдық сайысы

2019 жылғы 13 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен колледжіміздің спорт залында «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» спорттық-танымдық сайысы өтті. Сайысқа С-21, С-22, М-21 топтары қатысып, салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, білімдерімен де сыналды. Қорытындысында М-21 тобы алға шығып, І орынды иеленсе, С-22 тобы ІІ орын, С-21 тобы ІІІ орынды иеленді.

«Қызық екен» зияткерлік сайысы

2019 жылғы 13 ақпан күні сызу пәнінің оқытушысы Шүкіманова Арай Берікқызының  ұйымдастыруымен «Қызық екен» тақырыбында зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 21 ПГС және 22 ПГС топ студенттері қатысып, қызығушылық танытып, сайыс өте жоғары дәрежеде өтті.

«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны

2019 жылғы 12 ақпан күні жалпы білім беретін пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойынға І курс студенттері қатысып, қызығушылық танытты. Кәсіптік бағыт беру мақсатында кеш қонағы ретінде Семей қаласының №49 мектептің 9 сынып оқушылары және информатика пәні мұғалімі Каршикенова Ақерке Бақытқызы шақырылды.

«Білімді жастар – болашақ бастауы» атты апталыққа ұйымдастырылған таңертеңгілік лездеме

2019 жылғы 11 ақпан күні «Білімді жастар – болашақ бастауы» атты апталыққа ұйымдастырылған таңертеңгілік лездеме өтті. Лездемеде апталық жоспары таныстырылды. Жоспар бойынша викториналық сұрақтарға бастау берілді және «Генетиканың даму тарихы. Г. Мендель еңбектері» атты тақырыбында биология пәнінің оқытушысы Ж.А. Касенованың ашық сабағы өтті.

Қысқы спорт түрлерінен Президенттік тестілер

2019 жылғы 10 ақпан демалыс күні “Құрылыс колледжі” КМҚК ұжымы қысқы спорт түрлерінен Президенттік тест тапсыру мақсатында қала шетіндегі “Шаңғы базасына” барды. Таза ауада спортпен айналысудың пайдасы зор деп санайтын колледж ұжымы үнемі бірліктері жарасып бұл сынақтан да сүрінбей өтті. Баршаңызға зор денсаулық, өмірде қуаныш пен жақсылық тілейміз!

«Жақсылық жасап жарысайық» акциясы

«Жақсылық жасап жарысайық» акциясына «Құрылыс колледжі» КМҚК директорының бастамасымен, әлеуметтік аз қамтылған 8 отбасына (8 км. квартал Д-13 – 2 отбасы; Мұқыр елді мекені – 3 отбасы; Ком.поселок – 1 отбасы; Тарбағатай, жатақхана – 1 отбасы; Бобровка кенті – 1 отбасы)  өндірістік оқыту шеберлері, жас оқытушылар және студенттер әр түрлі жұмыстарға қолғабыс тигізіп, көптеген үлкен…

Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен колледждер арасындағы облыстық жарыс

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы 2019 жылғы 5 – 8 ақпан аралығында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 30 жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлерінен колледждер арасында облыстық жарыс өткізді. Осы жарысқа қатысқан «Құрылыс колледжі» КМҚК құрама командасы «Әскери-спорттық кедергілер жолағы» қашықтығында және жалпыкомандалық есепте ІІ орынға ие болып грамота…

«Ұлы даланың жеті қыры»

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын «Құрылыс колледжінің» «Саналы ұрпақ сананың беріктігі» ұйымының мүшелері талқылап, өз пікірлерін ортаға салды. Жиынның өткізілу мақсаты  студенттерді мақаланың әр бөлімімен таныстыра отырып,  мақаладағы құндылықтарды бойына сіңіру және маңыздылығын анықтау.   Жастарымыздың санасына біздің ата-бабаларымыздың бай рухани құндылықтарын бойына сіңіру. Төл тарихымызды болып өткен жетістіктермен жаңа заманға дамуға деген ұмтылысты арттыру,…