БІЗ БІРГЕМІЗ

Рамазан айында да жақсылық жасаған жандардың қатары көбеймесе азайған емес, сол жандардың бірі Айтбуланов Ержан жары Жанар апайымызбен жатақханадағы студенттерге ет өнімдерімен қоса тұрмысқа керек-жарақ, азық-түліктерімен толықтай қамтамасыз етті. Студенттеріміздің алғысы шексіз. Осындай жандардың отбасында тек қуаныш болып жақсылықтары еселеніп қайтса екен.

«ЖЕҢІС КҮНІН» БІР КІСІДЕЙ ТОЙЛАҒАН МЕКЕМЕ

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс, жасасын!» тақырыбында 1-3 курс студенттері және оқытушылар арасында қашықтықтан (эссе, сурет салу, өлең шығару және жатқа өлең оқу түрінде) іс-шара өтті. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. #жеңіске75жыл #жеңіскүні