Абай облысы білім басқармасының «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК 2024 жылдың 16-27 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мұқтажы үшін кіші топогеодезиялық мамандардың біліктілігін арттыру курсын өткізді. Курсқа әскери кәсіби білімді ұдайы меңгеру, өз машығы мен әскери шеберлігін жетілдіру үшін. Қарулы күштер қатарында қызмет атқаратын әр облыстың әскери қызметкерлері қатысты. Курс барысында тыңдаушылар геодезия, картография қашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер негіздерін игерді. Топографиялық түсірудің, геодезиялық өлшеудің және геокеңістіктік деректерді өңдеудің, сондай-ақ GNSS және тахеометрлер сияқты жаңа спутниктік технологиялар мен жабдықтарды қолданудың заманауи әдістерін 72 академиялық сағат көлемінде игерді.