Құндылықтарға

«Құндылықтарға негізделген білім беру» мақсатында ашық сабақ

2020 жылдың 18 ақпанында «Құндылықтарға негізделген білім беру» мақсатында «Құрылыс колледжі» КМҚК-нің информатика пәні оқытушысы, жас маман  Қабылғазин Арын Ғалымұлы М-11 тобында «MS Word редакторы туралы жалпы мәлімет, оның мүмкіндіктері, жұмыс аумағымен танысу» атты колледжішілік ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасып,  сабақ жоғарғы деңгейде өтті деп баға берді.

Физика

«Физика және астрономия» пәнінен ашық сабақ

2020 жылдың 17 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «физика және астрономия» пәні оқытушысы Такенова И.Т., «Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивті  кедергі» тақырыбында С-11 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасты.

Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ

2019 жылдың 10 желтоқсаны күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ж.М.Қалиасқарова қазақ әдебиеті пәнінен «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы «Көкшетау» поэмасы» тақырыбында С-21 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақ өз мақсатына жетіп, өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Сабаққа 17 оқытушы қатысып, тәжірибе алмасты.