Сәт

«Сәт сапар, Жас маман!»

2020 жылдың 27 ақпан күні колледжімізде «Сәт сапар, Жас маман!» атты, түлектерге салтанатты түрде, диплом табыстау кеші өткізілді. Колледж топтары түлектері, 3 жылдық еңбек жемістеріне қол жеткізді. Дипломдарды табыстау үшін колледждің әлеуметтік серіктестік жетекшілері «ТурМерСтрой» ЖШС директоры Тураров Мерхат Елюбаевич, «ПФ Жана Жол» ЖШС директоры Игрибаев Айткалы Бахтулуевич келді. Жас Мамандарға ақ жол, сәт сапар…

Сырттай бөлім

Сырттай бөлім студенттерінің қорытынды аттестациясы

2020 жылдың 18 ақпанында «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімінің студенттерін қорытынды аттестаттаудың бірінші күні өтті. Комиссия мүшелерінің пікірінше, түлектердің дайындық деңгейі мен сапасы оқу бағдарламаларының талаптарына және осы мамандықтың біліктілік сипаттамаларына сәйкес келеді.

Жаратылыстану

«Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты салтанатты лездемеде

2020 жылдың 17 ақпан күні «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты салтанатты лездемеде жалпы білім беретін пәндер апталығының ашылуы  өтті. Оқытушылар  баяндама оқып, апталықтың ережелерімен таныстырды.

Сүйіспеншілік

«Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ

2020 жылдың 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс-шарасы жоспары негізінде «Құрылыс колледжі» КМҚК-да 2-курс студенттері арасында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Ашық сабақты «өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Оразымбетова Р.Д. өткізді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысқан оқытушылар тәжірибе алмасты.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері

2020 жылдың 8 ақпанында «Құрылыс колледжі» КМҚК қызметкерлері қысқы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу мақсатында, Президенттік тест тапсырды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2020 жылғы қаңтар айының 27-31 аралығында «Құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы Азимбаева А.К. аймақтардағы мектептер үшін ұйымдастырылған «Старт Профи – Shygys» атты стенд-мобқа белсене қатысып Зайсан, Көкпекті, Ақжар, Күршім, Большенарым ауылдарында болып, кәсіптік бағыт беру жұмысын жүргізді. Барлығы 1630 оқушы қамтылды. Болашақ талапкерлер дұрыс таңдау жасайтындығына сенеміз.

Жол тәртібін

«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!»

«Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері жол жүру ережесіне байланысты «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты акциясын ұйымдастырып, мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі жазылған жаднамалар таратты.

Біргеміз

«Біргеміз» акциясы

2020 жылдың 30 қаңтар күні «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері «Жақсылық өзімізден басталады» деген ұранмен «Біргеміз» акциясына жұмыла кірісті. Студенттер колледж маңындағы аялдамалар мен жаяу жүргінші жолдарын тазалады.