«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты эстафеталық жарыс

2019 жылғы 20 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты жатақхана студенттерінің арасында эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ алғыс хаттармен және дипломдармен қолдау көрсетсе, «Құрылыс колледжі»  КМҚК жүлделі сыйлықтармен марапаттады.

«Тіл-Парасат» қалалық байқауы

Ағымдағы  жылдың 18-ші ақпанында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіріп,дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында мемлекеттік тілді жоғарғы деңгейде меңгерген этнос жастары арасында «Тіл-Парасат» атты  қалалық байқауы өткізілді. Байқауға қатысушыларды бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазылар алқасы тіл,әдебиет, педагогика салаларының мамандары, зиялы қауым және…

«Білімді жастар – болашақ бастауы» атты апталығының қорытынды кеші

2019 жылғы 15 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің 11 – 15 ақпан аралығында өткен «Білімді жастар-болашақ бастауы» атты апталығының қорытынды кеші өтті. Жоспар бойынша апта бойы атқарылған іс-шараларға белсенділік танытып қатысқан оқушылар мен топтар марапатталып, қошеметке ие болды.  Әсем ән мен көңілді би көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Колледжіміздің білімді де,  талантты оқушылары жетістіктерге…

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

14 ақпан күні «Құрылыс колледжі» КМҚК Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғандығының 30 жылдық мерекесіне орай «Ауған ақиқаты және әскери міндеттің жауаптылығы қандай?» атты әскери-патриоттық тәрбие мақсатында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Ұйымдастырушылар С-22 тобының оқушылары, топ жетекшісі Оразымбетова Р.Д., АӘД пәні оқытушысы, запастағы офицер Имангалиев Қ.Қ. Кездесу кешіне төмендегі Ауған соғысының ардагерлері: Балтабаев Еркінбек, Мыльников…

«Қысқы спорт түрлері және оның денсаулыққа пайдасы» атты ашық тәрбие сағаты

2019 жылғы 14 ақпан күні СТ-11 тобының жетекшісі  А.Ғ. Қабылғазиннің ұйымдастыруымен «Қысқы спорт түрлері және оның денсаулыққа пайдасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өтті. Топ жетекшісі қысқы спорттық ойын түрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың ойын еркін жеткізуге, ой өрісін, тілін дамыта отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға септігін тигізген танымдық тәрбие сағаты болды.

«Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы» тақырыбында ашық сабақ

2019 жылғы 14 ақпан күні физика пәнінің оқытушысы Д.Е. Әубәкірованың «Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы» тақырыбындағы С-11 тобында ашық сабағы өтті. Cабақ барысында оқытушы жаңартылған оқу бағдарламасына сай түрлі әдіс-тәсілдерді және оқыту технологияларын тиімді қолдану арқылы сабақты жоғары деңгейде өткізді.

«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» спорттық-танымдық сайысы

2019 жылғы 13 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен колледжіміздің спорт залында «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» спорттық-танымдық сайысы өтті. Сайысқа С-21, С-22, М-21 топтары қатысып, салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, білімдерімен де сыналды. Қорытындысында М-21 тобы алға шығып, І орынды иеленсе, С-22 тобы ІІ орын, С-21 тобы ІІІ орынды иеленді.

«Қызық екен» зияткерлік сайысы

2019 жылғы 13 ақпан күні сызу пәнінің оқытушысы Шүкіманова Арай Берікқызының  ұйымдастыруымен «Қызық екен» тақырыбында зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 21 ПГС және 22 ПГС топ студенттері қатысып, қызығушылық танытып, сайыс өте жоғары дәрежеде өтті.

«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны

2019 жылғы 12 ақпан күні жалпы білім беретін пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбында зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойынға І курс студенттері қатысып, қызығушылық танытты. Кәсіптік бағыт беру мақсатында кеш қонағы ретінде Семей қаласының №49 мектептің 9 сынып оқушылары және информатика пәні мұғалімі Каршикенова Ақерке Бақытқызы шақырылды.

«Білімді жастар – болашақ бастауы» атты апталыққа ұйымдастырылған таңертеңгілік лездеме

2019 жылғы 11 ақпан күні «Білімді жастар – болашақ бастауы» атты апталыққа ұйымдастырылған таңертеңгілік лездеме өтті. Лездемеде апталық жоспары таныстырылды. Жоспар бойынша викториналық сұрақтарға бастау берілді және «Генетиканың даму тарихы. Г. Мендель еңбектері» атты тақырыбында биология пәнінің оқытушысы Ж.А. Касенованың ашық сабағы өтті.