Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы желтоқсан айының 22-сі күні Құрылыс колледжінің мамандары Семей қаласының «№32 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-інің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында оқушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, колледж мамандықтары жайлы бейнебаяндар көрсетілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылы желтоқсан айының 21-і күні Құрылыс колледжінің қызметкерлері болашақ талапкерлерді мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау мақсатында «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ұйымдастырылған «Кәсіптік бағдар беру күні» іс-шарасына қатысты. Іс-шара барысында 9-11 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы бейнебаяндар көрсетіліп, толық ақпарат айтылды. Колледж шебері құрылыс әрлеу жұмыстары бойынша шеберлік сабағын көрсетті.

«English Quest» атты квест-ойыны

12.12.2023 жылы шет тілі пәнінің оқытушысы А.Е. Серикказинаның ұйымдастыруымен 1-ші курс білім алушыларының арасында «English Quest» атты квест-ойыны өткізілді. Ойын барысында қатысушылар шет тілінен алған білімдерін көрсетіп, тапқырлық танытты.