«Шын жүректен алғыс айтамын» атты кітап көрмесі

Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні қарсаңында Құрылыс колледжі кітапханасында «Шын жүректен алғыс айтамын» атты кітап көрмесі өтті. Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

«2021 жылғы атаулы тұлғалар, атаулы күндер»

«2021 жылғы атаулы тұлғалар, атаулы күндер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Қалиасқарова Жаңанұр Морякқызының жетекшілігімен «Жебе» пән үйірмесінің мүшелері қазақ әдебиетіне үлес қосқан ақын-жазушылардың мерейтойларына орай шығармашылығымен танысып, өлеңдерін жатқа оқыды.

Ашық сабақ

25.02.2021 ж. «Құрылыс колледжінде» КМҚК, Қазақ тілі пәнінен 1 курс М-11 тобында ашық сабақ өтті. Пән оқытушысы: Қалиасқарова Ж.М. Сабақ барысында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды (миға шабуыл, мозайка, 10-сұрақ т.б.). Топ оқушылары сабаққа белсене қатысып, оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті. Сабақ толық өз мақсатына жетіп, өте жоғары деңгейде өтті деп ба по казахскому…

Колледжшілік онлайн эссе байқау

2021 жылдың 4-11 ақпан аралығында «Құрылыс колледжі» КМҚК-да «Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы» ақпараттық компанияның жоспарына сай өткен «Махаббатқа толы жүрек» атты колледжішілік онлайн эссе байқауының қорытындысы бойынша:   І дәрежелі дипломмен Рахимова А.Н., жетекшісі: Қызыров Д.Б., ІІ дәрежелі дипломмен Уатқан А., жетекшісі: Скакова А.Н., ІІІ дәрежелі дипломмен Байдюсенов А.А., жетекшісі: Баймункин С.Б.   басқа…

Ғасырлық тарихы бар колледжім!

Мен Құрылыс колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хуанарқызы Айсауле, осы колледждің түлегімін. Ұстаздық жолымды өз оқу орнымнан бастадым. Бүгінде оқу орнымыз заман талабына сай білім беретін, білікті мамандарды даярлайтын, материалдық-техникалық базасы толық жабдықталған білім беру мекемесі. Жас талапкер өз келешегіңнің кемеңгер маманы болғыңыз келсе біздің қатарға қосылыңыз.