Наурызнама онкүндігі
21 Наурыз – Ынтымақ күні!
Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттеріне Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Еспаева Гаухар Сериковна және Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Серикболсынов Равиль Дастамович «Есірткі құралдарының заңсыз айналымындағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында профилактикалық әңгімелесу жүргізді.
Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде құқық бұзушылықтың алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында жатақхана студенттеріне тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылық және тәртіп» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! Бейнеқұттықтауларды қараңыз – https://www.instagram.com/vkgkis/
Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттері мен жатақхана тәрбиешілері тек достық қарым-қатынасты қолдайды!
Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі бейбітшілік пен жақсылықты қолдайды!
«Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК педагог-психологы Аяжан Алтайқызы мен жатақхана тәрбиешілері Ж.А. Улыбаева және А.Б. Мұратханова жатақхана студенттеріне «ДосболLIKE» акциясы аясында «Достық қымбат өмірде» тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты – жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомдылықтың алдын алу, студенттердің бойында жағымды қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру, жақсылыққа, ізгілікке, бірлікке тәрбиелеу.