Қазақстан Ұлттық құрамасы «EuroSkills» чемпионатына аттанғалы жатыр

«EuroSkills» халықаралық Еуропа чемпионатында Қазақстан Республикасының құрамасында «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша, біздің әріптестеріміз халықаралық сарапшы ретінде А.Н. Мекишев және қатысушы Д.Б. Сарсембаев Қазақстанның намысын қорғайтын болады! Сәттілік тілейміз!

WorldSkills туралы пікір

Мен, Сарсембаев Диас Болатбекұлы, өндірістік оқыту шебері: Былтыр әлемдік чемпионатқа қатысып келдім. Негізі WORLDSKILLS жастарға көп мүмкіндіктер ашуда. Жеке басым сол чемпионаттан кейін ондаған жұмыс орнына шақырту алдым. Жалпы еңбек нарығы құшағын жайды десем артық емес. Бірақ мұндай чемпионаттың, мүмкіндіктердің барын көпшілік жастар, нақтысы менің замандастарым біле бермейді. Соны айту мақсатында, өз тәжіриебеммен бөлісіп, «Ел…

«WorldSkills Abai – 2023» өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты

2023 жылы сәуір айының 27-сі күні Семей қаласының Абай атындағы драма театрында «WorldSkills Abai» өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шарада құзіреттіліктер бойынша үздіктердің үздігі анықталып, жүлделері табысталды. Чемпионатта Құрылыс колледжі барлығы 24 медальді қанжығасына байлады. 10 қатысушы алтын, 8 қатысушы күміс, 6 қатысушы қола медалінің иегері атанды! Құттықтаймыз!   Посмотреть эту публикацию в Instagram…

«WorldSkills Abai – 2023»

Жастар және оқушылар шығармашылық сарайында WorldSkills Abai бірінші өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. «WorldSkills Abai – 2023» өңірлік чемпионаты жұмысшы мамандықтарды танымал етуге бағытталған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының іріктеу кезеңі болып табылады. «WorldSkills» қозғалысының мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, шеберлік дағдыларын дамыту. Облысымызда «WorldSkills» қозғалысының танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Оған дәлел…