2025 жылғы 12-18 ақпан аралығында «Геовертикаль» халықаралық кәсіби чемпионатының екінші кезеңі өтті. Оның аясында қатысушылар геодезия және картография бойынша тест тапсырмаларын орындады. Бұл чемпионаттың маңызды кезеңі болып табылады, себебі ол қатысушылардың теориялық білімдерін, сондай-ақ олардың алған білімдерін нақты мәселелерді шешуде қолдану қабілеттерін тексереді. Қ. Сләмбек пен И. Дайырбаев Астана қаласында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалінде екінші кезеңнің тапсырмаларын сәтті орындап, «Геодезия және картография» мамандығын лайықты түрде таныстырды. Ал И. Байдумашен мен Е. Байдусенов колледж қабырғасында әдеттегідей тестілеуден өтті. Екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша чемпионаттағы жарысты И. Байдумашен, Е. Байдусенов және Қ. Сләмбек жалғастырады. Оларға сәттілік тілейміз!