Ел басы жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі білім беру менеджментін трансформациялау және педагогтардың деңгейін арттыру. Колледждегі оқыту-әдістемелік үрдісі компьютер және ақпараттық технологиялар негізінде білім алушылардың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің шығармащылық әлеуетінің артуына жол ашады. Цифрлық технологиялар – зерттелетін құбылыстардың, объектілердің, үдерістердің тек сыртқы сипатын ғана емес, олардың ішкі мәнін, сондай-ақ, табиғаттың және қоғамның жеке құбылыстары арасындағы байланыстарды ашып көрсетуге мүмкіндік береді, білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі таңда колледжде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін педагог қызметкерлермен оқыту өндірістік шеберлері жұмыс істейді.