Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» атты халыққа үндеуі жарияланды.

Бүгін, 2018 жылдың наурыз айының 5 күні Қазақстан Республикасының Президенті бес әлеуметтік бастамасын ұсынды:

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».
Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту».
Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».
Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту».
Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».