Ағымдағы жылдың 12 қыркүйекте «Құрылыс колледжі» КМҚК, Абай облысының білім басқармасымен және Кәсіпкерлік индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп «Жұмыс берушілер күніне» арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты жұмыс берушілер мен кадрларды даярлау бойынша, одан әрі тиімді ынтымақтастықты арттыру болып табылады. Кездесуге облыстың «Сәулетшілер одағы» Республикалық филиалының төрағасы қалалық мәслихаттың депутаты – Асхат Бакиров, «Семей Қола» мүсіндік-құю өндірісінің жетекшісі – Қалиев Нұрбол және «Терезелер фабрикасы» ЖК директоры – Александр Семененко шақырылды. Дөңгелек үстелді колледждің бұрынғы директоры, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Тастекеев Қайрат Құлбайұлы құттықтау сөзімен ашты. Бірінші сабақ барысында колледж басшылығы бейінді цехтар бойынша экскурсия өткізді. «Дөңгелек үстелде» қатысушылардың әрқайсысы өз пікірін және одан әрі ынтымақтастыққа деген көзқарасын білдірді. Шеберлік сабағының бағдарламасына сәйкес бір ай ішінде пластикалық терезелерді құрастыру бойынша тәжірибелік сабақ жоспарланды.