2025 жылдың 21-25 сәуір аралығында Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылар құрамы – Оразханова Б.Ғ., Касимов Р.Г., Баймункин С.Б. және тәрбиеші Садыкова А.С. – Абай облысы Білім басқармасының Мақаншы ауданы Білім бөлімінің қарамағындағы және оған жақын орналасқан ауылдық мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іссапар барысында келесі білім беру ұйымдарында кездесулер өткізілді:
1. «Қарабұта орта мектебі» КММ
2. «Бейсембай Сахариев атындағы Бақты орта мектеп-бақшасы» КММ
3. «Бауыржан Жүнісов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ
4. «Көктал орта мектеп-бақшасы» КММ
5. «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ
6. «Мақаншы орта мектеп-бақшасы» КММ
Кездесулер барысында 9-11 сынып оқушыларына колледж мамандықтары таныстырылып, техникалық және кәсіптік білімнің артықшылықтары, оқу үрдісі мен студенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Оқушыларға колледж мамандықтары туралы таныстырылым көрсетіліп, бейнероликтер арқылы оқу үрдісі мен студенттік өмірдің ерекшеліктері таныстырылды. Сонымен қатар, колледж студенттеріне жасалатын мүмкіндіктер туралы толық мәлімет берілді:
• Жұмысшы мамандықтарына жыл сайын бөлінетін мемлекеттік гранттар саны артып келеді. Бұл мамандықтар бойынша оқу тегін жүргізіліп, студенттер сапалы білім мен тәжірибелік машықтарды қатар алады.
• Жұмысшы мамандықтарда оқитын студенттерге күн сайын бір реттік тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл – олардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып жасалған қолдау шарасы.
• Оқу барысында өндірістік тәжірибе (практика) ақы төленетін түрде ұйымдастырылады. Бұл студенттерге кәсіпорындармен ерте танысып, тәжірибе жинақтауға және кейін тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
• Колледж түлектері 100% жұмысқа орналасу көрсеткішімен ерекшеленеді, бұл оқу сапасының және еңбек нарығындағы сұраныстың жоғары екенін дәлелдейді.
Сондай-ақ оқушыларға жеке кеңестер беріліп, барлық сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды.