Жастардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауында кәсіби бағдар жұмыстары маңызды рөл атқарады. Бұл олардың тұрақты жұмыс тауып, өздеріне ұнайтын мамандықты саналы түрде таңдауларына мүмкіндік береді.
Мектептегі кәсіби бағдар – болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға жасалатын алғашқы қадам. Біз оқушыларға өз қабілеттерін танып-білуге, мамандықтар әлемімен танысуға және армандарына сенімді қадам жасауға көмектесеміз. Осы бағытта колледжіміздің мамандары қаламыздағы жалпы орта білім беретін мекемелерге барып, колледж мамандықтарымен таныстырып, оқушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
2025 жылдың 29 сәуір күні сағат 13:00-де №51 жалпы білім беретін мектепте колледжіміздің мамандары – Абылкасымова Талшын Сейтбековна, Масалимов Жасұлан Ауелбекович және 3-курс студенттері өз мамандықтарының арнайы құралдарын, формаларын алып барып, мамандықтар бойынша таныстырылым өткізді.
Мектепке ұсыным хат тасталып, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Колледжіміздегі мамандықтар бойынша нақты ақпараттар беріліп, оқушылардың өзекті сұрақтарына жауап берілді. Оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, кейбіреулері қосымша ақпарат алып, «Сіздердің колледждеріңізге түскіміз келеді» деген тілектерін білдірді.