2019 жылғы мамыр айының 20 – 22 жұлдызы аралығында колледжіміздің Жастар ұйымының жетекшісі Мұратбекова Айзат Еркінқызы кəсіптік бағдар беру мақсатында Зайсан қаласы М. Дәуленов, М. Әуезов, Ғ. Мустафин, М. Ломоносов, Ю. Гагарин атындағы орта мектептердің əкімшілігімен келісіп, 9 жəне 11 бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.

Және аталмыш ауданға қарасты Жарсу, Кеңсай, Айнабұлақ орта мектептер түлектеріне де кәсіптік бағдар берілді. Кездесу барысында колледжіміздегі барлық мамандықтар туралы мəліметтер беріліп, презентация арқылы колледж өміріне шолу жасалып, таратпа қағаздар таратылды. Оқушылар қызығушылық танытып қойылған сұрақтарына мардымды жауап алды.