Құрылысшы біздің қоғамның ең қажетті және маңызды мамандықтың бірі болып есептеледі. Колледж оқытушылары Т. Абылкасимова және Д. Мубаракова сәуір айының 22 күні Бесқарағай ауданына қарасты Жыланды, Канонерка, Қарамырза және Малая Владимировка мектептеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
«Құрылыс колледжі» КМҚК-да тегін техникалық және кәсіптік білім берілуі және барлық мамандықтарға арналған шеберханаларда озық заманауи технологиямен жабдықталған станоктар және құрал-саймандар қамтамасыз етілген жөнінде ақпарат берілді. Оқушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинай алатыны туралы айтылды. Аталған ауылдардың мектептерінде 9-11 сынып оқушылары оқуға түсуге өз ниеттерін білдірді.