2024 жылы қаңтар айының 26-сы күні Құрылыс колледжінің мамандары Семей қаласының «Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-інің 9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында оқушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, толық мағлұмат берілді.