05.04.2024 жылы колледждің 2 курс студенттері Курчатов қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 9, 11 сынып оқушыларына колледжде оқытатын мамандықтар мен біліктіліктер туралы ақпарат берілді.
Айта кетелік, «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» КМҚК 2024-2025 оқу жылына «Геодезия және картография» мамандығына негізгі орта білім (9-сынып) негізінде де оқуға қабылдауды жүзеге асыратыны туралы хабарлаймыз.