Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің оқытушылары Шалова К.К., Оразханова Б.Ғ., Сембеков Д.О. 2025 жылы сәуір айының 3-і күні Семей қаласындағы №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар туралы ақпарат беріп, оларды оқуға шақырды.
Кездесу барысында оқушыларға құрылыс, геодезия және картография салаларындағы мамандықтардың маңыздылығы, олардың еңбек нарығындағы сұранысы мен болашақ мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірілді.