2019 жылғы қаңтар айының 11 жұлдызында колледжіміздің қазақ тілі жəне әдебиеті пəнінің оқытушысы Қалиасқарова Ж.М. кəсіптік бағдар беру мақсатында Абай ауданының Құндызды ауылына барып, Ш.Əбенов атындағы орта мектептің əкімшілігімен келісіп, 9 жəне 11 бітіруші түлектермен кездесу өткізді. Кездесу барысында колледжіміздегі барлық мамандықтар туралы мəліметтер беріліп, презентация арқылы колледж өміріне шолу жасалып, таратпа қағаздар таратылды. Оқушылар қызығушылық танытып қойылған сұрақтарына мардымды жауап алды.