2025 жылғы 19 ақпан күні колледжде «Жас оқытушылар мектебі» апталығының аясында оқытушыларға арналған «Оқу өндірістік сабағында металдан орындық жасау процесі» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шараны өндірістік оқыту шеберлері Б.Б. Асанов пен Е.Е. Оразгалиев жүргізді. Мастер-класс барысында оқытушылар металл өңдеу және орындық жасау технологиясымен танысып, өндірістік сабақтарды тиімді жүргізу дағдыларын меңгерді.
Бұл мастер-класстың мақсаты: өндірістік оқыту сабағында металдан орындық жасау процесін таныстыру арқылы оқытушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ металл өңдеу технологиясы мен өндірістік сабақтарды тиімді өткізу әдістерін көрсету. Сонымен қатар, іс-шара барысында оқытушылар заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді меңгеріп, практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.