2025 жылы ақпан айының 13-і күні Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі студенттеріне медициналық қызметкерлермен кездесу өткізілді.
Семей қаласының №6 аралас үлгідегі емханасының СӨС дәрігері Токенова Алма Болатовна «Энергетикалық сусындардың зияны» тақырыбында, облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Дюсембаева Асель Серикбековна «АИТВ/ЖИТС профилактикасы» тақырыбында, облыстық наркологиялық қызмет бөлімінің нарколог дәрігері Лебедева Ольга Николаевна «Есірткінің адам ағзасына әсері» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.