«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Шәкәрім жоғары колледжінің базасында өткен Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын өзге ұлт өкілдеріне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты облыстық форумға біздің де колледж қатысты. Форумға «Геодезия және картография» мамандығы «Техник-аэрофотогеодезист» біліктілігінде оқитын 16 ТА тобының білім алушысы Чесноков Геннадий Владимирович қатысты.

Г.В. Чесноков мемлекеттік тілді айырықша меңгергенін, өз ойын мемлекеттік тілде жүйелі әрі анық жеткізе алатынын, озық ойлы білім алушы екенін таныта алды және мемлекеттік тілді лайықты дәріптей білгені үшін сертификатпен марапатталды.