Астанада «WorldSkills Kazakhstan – 2017» жас мамандар чемпионаты өтті. Онда еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 400-ден астам жас маман сынға түсіп, бақ сынады және бизнес саласынан 500 сарапшы, 5 мыңнан астам мектеп оқушылары, колледж бен ЖОО студенттері шақырылды.
«Worldskills Казақстан» жобасы биыл үшінші рет өткізіліп отыр. 2-5 мамыр күндері өңірлік жарыстардың жеңімпаздары өзара бақ сынасып, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары бойынша Махан Рахат, Бралинов Сериктай «Құрылыс колледжі» КМҚК студенттері, жетекшілері Мекишев Аскар Набиевич пен Афанасьева Светлана Викторовна сынға түсіп, “Кірпіш қалау” құзіреттілігі бойынша Махан Рахат «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті жүлделі 2 орынға ие болды , жетекшісі Мекишев Аскар Набиевич.