3 сәуір күні 17:00-де Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында WorldSkills Shygys чемпионаттың ашылу салтанаты  өтті. 4-ші 5 –ші сәуір күндері Семей қаласындағы «Семей машина жасау»  зауытының базасында студенттер сайысқа қатысты.

Аймақтық чемпионат 31 құзіреттілік бойынша өткізілді. Чемпионат WorldSkills Ресей жобасының координаторы Павел Черныхтың басшылығымен өткізілді. Чемпионатқа қатысушыларға облыс кәсіпорындарының жетекші мамандары мен кәсіби қазылар алқасы баға берді.
WorldSkills Shygys аймақтық чемпионатының нәтижесінде  біздің жеңімпаз-студенттеріміз  дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Колледжіміздің мақтанышы және намысын қорғаған студенттердің барлығы да жүлделі орынға ие болып, оқу орынының мәртебесін тағы бір рет асқақтатты.

Атап айтатын болсақ:

  • «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша:

—  І орын — Махан Рахат Асанұлы

—  ІІ орын — Арал Дінмұханбет Жұмаділұлы

  • «Ағаш жұмыстары» құзіреттілігі бойынша:

— І орын Макажанов Алихан

«Сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша :

—  І орын Сычугов Александр Викторович

«Құрғақ әрлеу құрылыс жұмыс» құзіреттілігі бойынша:

— І орын Бралинов Сериктай Касымжанович

«Слесарлық іс» құзіреттілігі бойынша:

—  ІІ орын – Ғазезов Темирлан Маратұлына бұйырды

Колледж мәртебесін бір асқақтатып тастады.Осы жеңіске жетуге ұстаздармен шеберлердің еңбектерінің жемісі екенін айтқымыз келеді.