2025 жылдың 30 сәуірінде колледж студенттері «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК базасында өткен «Жастардың білімі мен бастамасы – елдің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» тақырыбындағы колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасындағы XX облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып қайтты. Конференцияға қатысу студенттер үшін кәсіби мамандардан бағалау алып, жаңа идеялар мен ұсыныстармен танысу, сондай-ақ құнды тәжірибе жинақтау алаңы болды.