Болашақ жалпы құрылыс жұмыстарының шеберлері өз мамандығы бойынша «Фирма Азия» ТҚБ зауыты» ЖШС-да тәжірибеден өтті. Онда білім алушылар өндірістік алаңдарда жұмыс істеп; дайындық деңгейіне сәйкес тапсырмалар алды. Әр студентке тәлімгер тағайындалды. Практика барысында студенттер ұйым жұмысының құрылымын игерді, өндіріске қажетті міндеттерді жасау және іске асыру процесін зерттеді, жұмыста жетекші әдістерді қолдануды үйренді. Алынған практикалық база көкжиекті кеңейтуге және өз мамандығы бойынша одан әрі қызметке деген ынтаны арттыруға ықпал етеді.