2025 жылғы 25 сәуірде «Көлік колледжі» КМҚК-де Абай облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «ХХІ ғасырдағы ғылым және жастар» атты оқу-зерттеу және жобалық жұмыстар бойынша өңіраралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Геодезия, картография және құрылыс жоғарғы колледжінің студенттері өздерінің ғылыми және зерттеу жобаларының нәтижелерін ұсынып, жоғары дайындық деңгейі мен тың идеяларға негізделген ерекше көзқарастарын көрсетті.
Маулетханова Аяулым (А-31 тобы, жетекшісі – Баймункин С.Б.) өз жобасымен 2-орынды иеленді. Дайрбаев Жандаулет (12 ПГС тобы, жетекшісі – Надырханова Н.М.) қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Біздің студенттерімізді керемет нәтижелерімен құттықтаймыз және ғылыми әрі кәсіби қызметтерінде толағай табыстар тілейміз!