2024 жылғы 19 желтоқсанда М.О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледж базасында «Scaffold – өмір бойы құзыреттілік» тақырыбында облыстық семинар-workshop өтті. Оған колледж әдіскері А.Ж. Абдыльдинова мен өндірістік оқыту шебері Е.К. Қалиев қатысты.
SCAFFOLD – бұл ресми және бейресми білім беру педагогтарына арналған карталар жиынтығы. Ол цифрлық, кәсіпкерлік, жеке, әлеуметтік құзыреттіліктерді, «оқу қабілеті» құзыреттіліктерін, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы құзыреттіліктерді дамытуға ықпал ететін оқу сабақтарын жобалауға көмектеседі.
Семинар спикерлері – М.О. Әуезов атындағы Педагогикалық колледжінің оқытушылары Scaffold құралдарының өзектілігі мен сабақтарды жоспарлауды жеңілдету, цифрлық, жеке және кәсіпкерлік дағдыларды интеграциялау үшін карталарды қолдану туралы айтып берді, бұл оларды қазіргі білім беру контекстінде таптырмас етеді. А.Ж. Абдыльдинова мен Е.К. Калиевке аталған іс-шараға қатысқандары үшін сертификаттар берілді.