2024 жылы қараша айының 22-сі күні жатақхана тәрбиешілері А.Б. Муратханова мен Ж.А. Улыбаева жатақханада студенттеріне «Тапқыр болсаң озып көр!» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Ойын барысында студенттер «Алғыр» және «Қыран» атты екі топқа бөлініп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, әртүрлі ойындар ойнады. Қатысушы студенттерге тәрбиешілер тарапынан сыйлықтар берілді.