Құрылысшы кәсібі қоғамға үлкен пайда әкелетін сала. Оның жұмысы шын мәнінде материалдық мұрада құндылығы жоғары.

Құрылыс адам қызметінің ең ежелгі салаларының бірі болып табылады және Ежелгі Египет пирамидалары мен ежелгі сарайлар салынғаннан бері өзектілігін жоғалтқан жоқ. Мыңдаған жылдар бойы әлем қаншалықты өзгерсе де, адамдарға әлі де үйлер, зауыттар, сәулет ескерткіштері қажет. Мұның бәрі құрылысшылардың қолымен жасалады.

«Құрылыс колледжі» КМҚК білікті мамандарды дайындайды. Құрылысшы мамандығы еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие және қоғам үшін пайдалы.

Құрылыс колледжінің жас мамандары ірі құрылыс компанияларында «КАЗАХДОРСТРОЙ» ЖШС, «Евро-Азиялық құрылыс корпорациясы» ААҚ Қызылорда филиалы, «НRCK Казстройсервис» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы, «BI GROUP» құрылыс холдингінде жұмыс атқарып Қазақстанның дамуына үлес қосуда.